Жаңалықтар

Республикалық QAZAQ CLUB-тың 2022 жылғы атқарған жұмыстары бойынша халық алдындағы есебі

Республикалық QAZAQ CLUB-тың  2022 жылғы атқарған жұмыстары бойынша халық алдындағы есебі
«Qazaq club» 2022 жылғы жұмыстарын 2019 жылы тұсауы кесілген 27-ші жоба – «Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі» аясында жүргізді. Атап айтқанда келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: 1. 2022 жылдың 1 сәуірінде - Қазақ өнері күніне орай Тәттімбет өнер колледжінде дарынды композитор, дирижер Нұрғиса Тілендінің шығармашылығына арналған өнер кеші ұйымдастырылды. 2. 2022 жылдың 9 сәуірінде – Қарағанды қаласының Орталық саябағында 9 сәуір – Ұлттық тағамдар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, келушілерге бауырсақ пен шелпек таратылып, жас өнерпаздар өнер көрсетті. 3. 12 сәуірде - Қазақ ғалымдары күніне орай Қарағанды политехникалық колледжде Қаныш Сәтбайдың туған күніне орайластырылған «Қ.Сәтбайдың мұрасы» атты кездесу болып өтті. 4. 24 сәуір – Ұлт қайраткерлері күні Халел Досмұхамедтің туған күні аясында ұлт қайраткерлеріне арнап құран оқылып, ұйымдастырушылар Әлімхан Ермектің басына барып құран бағыштады. 5.15 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күніне орай - Қарағанды қаласының Орталық саябағында «Аяулы қазақ қыздары» атты мерекелік концерт болып өтті. 6. 9 қыркүйек – Алаш ұраны күніне орай Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Бексұлтанұлының бастамасымен ұлт қайраткері Әлімхан Ермектің зиратын жөндеу бойынша сәулеттік жобаның таныстырылымы өтті. 7. 15 қыркүйек – Ел бірлігі күніне орай 1841 жылы қыркүйекте Кенесары Қасымұлының Қазақ хандығын қалпына келтіруіне орай ұлт қайраткерлерінің рухына бағышталып құран оқылды. 8. 15 қазан - Мемлекеттік тіл күні аясында ұлт қайраткері Сәкен Сейфулиннің туған күніне орай әлеуметтік желілерде «15 қазан - Қазақ тілі күні» эстафетасы мен Н.Гоголь атындағы кітапханада «Оңай қазақ тілі» әдістемесінің тұсаукесері өтті. 9. 15 қарашада - Батырлар күні аясында Қарағанды политехникалық университетінде «Ағыбай батырдың туғанына 220 жыл толуына орай ғылыми - танымдық конференция және Қарағанды политехникалық колледжінде Ақжолтай Ағыбай батыр, Кенесары Қасымұлы, Есет батыр және Мәншүк Мәметтің мерейтойларына орай ғылыми - танымдық конференциялар өтті. 10. Сонымен қатар 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні, 15 ақпан – Қазақ тарихы күніне, 27 ақпан – Салт-дәстүр күні, 13 маусым – Қазақ халқы күні, 25 маусым – Қазақ отбасы күні, 27 шілде – Бабалар күні күні, 7 тамыз Ұлттық ойындар күні, 2 қазан – Қазақ ғарышкерлері күні, 19 қазан – Қазақ жігіттері күні, 7 желтоқсан – Ақсақалдар күніне орай әлеуметтік желілерде насихаттау шаралары іске асты. 11. 500 дана көлемінде Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі шығарылды. 12.15 қараша - Батырлар күні Қарағанды облысының әскери-патриоттық жоспарына енгізілді. Бұл атаулы күн енді жылсайын аталып өтілетін болады. 13. Бүгінде Клубтың еліміздің түрлі облыстарынан 50 мүшесі бар. Сіздерді QAZAQ CLUB-тың мүшесі болуға шақырамыз.  
Барлық жаңалық