Жаңалықтар

Таяу Шығыс аймағынан ел азаматтарын эвакуациялау аяқталды

Таяу Шығыс аймағынан ел азаматтарын эвакуациялау аяқталды

Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті, - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында. 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдіреді.

Барлық жаңалық