Гүлнар Гарифқызы 2012 жылдан бастап Красноярск өлкесінің аумағында қазақ мәдениетін сақтауға және насихаттауға баға жетпес үлес қосып келеді.
Торғын Мұхамедиярқызы 2008 жылы "Омбы қазақтары" қоғамдық ұйымын құрды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптеуге, әсіресе жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды, тіл мен мәдениетті дамытуға көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Ұйымның ең танымал жобалары: жалпықалалық Наурыз, "Ару қыз" - талант және сұлулық байқауы, "Достық лигасы" жастар бүкілресейлік ұлтаралық форумы, қазақ жастарының "Алға"форумы және т.б.
30 желтоқсанда Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде өткен салтанатты шарада медальді Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлы Көшербаев табыстады.
Отандастар қорының баспасөз қызметі