Жаңалықтар

Ресей қазақстандықтарға жаңа шектеу қойды: тіркеусіз тек 90 күн болуға рұқсат

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясында көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Ақ Жайыққа сілтемемен.

 

Жаңа ережелерге сәйкес, шетел азаматтарының, соның ішінде қазақстандықтардың, Ресей аумағында тіркеусіз болу мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды. Бұл талап азаматтың елге неше рет кіріп-шығуына қарамастан, бір күнтізбелік жыл ішінде есептеледі.Аталған шектеулер халықаралық автокөлік тасымалымен айналысатын жүргізушілерге де қатысты.

 

Қазіргі уақытта Ресей тарапы халықаралық тасымал саласында еңбек ететін қазақстандық жүргізушілерге қатысты бұл шектеулерді қайта қарау мүмкіндігін талқылап жатыр.

 

Тиісті шешім қабылданғанға дейін Қазақстанның көлік компанияларына өз жүргізушілерінің Ресей аумағында болу мерзімін алдын ала тексеріп отыру ұсынылады. Бұл мүмкін заңбұзушылықтар мен әкімшілік шаралардың алдын алуға көмектеседі.

Барлық жаңалық