Оқиға

Қызылорда-Павлодар тасжолында әйел бес баласымен жол апатына түсті

Қызылорда-Павлодар тасжолында әйел бес баласымен жол апатына түсті

Павлодар облысында автомобиль жылқыға соғылып, оның ішінде отырған әйел мен бес балаға медициалық көмек қажет болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған ozgeris.info.

Қызылорда-Павлодар тасжолының Айнакөл ауылы маңында жол апаты болды. Жеңіл автокөлік жылқыға соғылған.

Облыстық ТЖД дерегінше, оқиға 13 мамырда сағат 21:55-те болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жылқыға соғылған. Оқиға орнына Павлодар облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы жедел түрде шықты. Дәрігерлер зардап шеккен алты адамды — бір әйел мен жасы 2-ден 12 жасқа дейінгі бес баланы тексеріп, барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Балалар анасымен бірге әрі қарай бақылау және ем алу үшін балалар ауруханасына жеткізілді.

Барлық жаңалық