Ұлттық банк 2026 жылдың басынан бастап кәсіпкерлер үшін жаңа ереже енгізбек. Енді олар банктегі шотынан қолма-қол ақша алған кезде, оны не үшін алғанын міндетті түрде көрсетуі қажет болады, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл өзгеріс жаңа Салық кодексіне байланысты жасалып отыр. Ұлттық банк мұның мақсаты – қолма-қол ақша айналымын ашық қылу екенін айтты. Сондай-ақ, бұл бизнеске зиян тигізбейді деп сендірді.
Қазір құжаттың толық нұсқасы әлі шыққан жоқ, тек қысқаша мазмұны ғана «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Айта кетейік, 2025 жылдың сәуірінде елде қолма-қол ақша алу көлемі соңғы 8 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түскен. Ал жалпы кредиттік қарыз көлемі қазір 45,7 трлн теңгеге жетті.