Шоу-бизнес

"Қоя салыңдаршы!": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратты жақтап көпшілікке қарсы шықты

"Қоя салыңдаршы!": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратты жақтап көпшілікке қарсы шықты

Желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс қалыңдықпен түскен видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Желі қолданушылары сүйікті әншісінің іс-әрекетін қызу талқылап жатыр. 

“Жұлдыздай бола алмайсың-ау сен", "Екінші әйелі осы шығар", "Не болып жатыр мына жақта", “Өз теңін тауыпты”, “Неге әйелі бар еркекке құмар екен?!”, "Жай жарнама секілді", "Байлық не істетпейді", – деп жазды көпшілік.  

Алаңдаған жұрттың куайымын әншінің анасы басты. Сөзінше, ол келіншекті таниды екен. 

“Қоя салыңдаршы! Той көйлегін жарнамалау үшін түсірілімге шақырған. Ол әйелдің отбасы мен бала-шағасы бар. Күйеуі бар келіншек. Үйленіп кететіндей шулап жатырсыздар. Не болса соны жаза бермеңіздер! Видеоға музыка қойып, монтаждаудың керегі жоқ. Хайп жинап қайтесіңдер”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Барлық жаңалық