✅ Пайдалы

Қазақстанда төлқұжат жаңарады

Қазақстанда төлқұжат жаңарады

Жаңа нұсқада бетінде барыс бейнесі пайда болмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Бауржан Аленов үкімет отырысында айтты, деп жазады Ozgeris.info.

Жаңа дизайнның басты ерекшелігі төлқұжаттағы қорғаныс жүйесін күшейту және ұлттық рәміздерді жаңаша көрсету. Барыс – қазақ үшін еркіндік пен тектіліктің символы. Ол бұрыннан елтаңбада, спорт клубтарының логотипінде, түрлі қоғамдық бастамаларда жиі қолданылып келеді. Енді оның бейнесі мемлекеттік құжатта да көрініс таппақ.

«Бүгінде біздің төлқұжат 43 елге визасыз кіруге мүмкіндік береді. Ол халықаралық стандарттарға сай. Жаңа нұсқада қосымша қауіпсіздік шараларымен бірге, ұлттық реңк те айқындала түседі», деді Аленов.

Жаңа паспорт әзірше таныстырылым деңгейінде. Қашан енгізілетіні туралы нақты ақпарат берілмеді. Дегенмен бұл бастама төлқұжатты тек құжат емес, ұлттық абыройдың бір көрінісіне айналдыру ниетін аңғартады.

Барлық жаңалық