Қоғам

Қазақстанда цифрлық ипотека іске қосылды

Қазақстанда енді екінші нарықтағы үйлерді рәсімдеу онлайн режимде жүзеге асады. «Цифрлық ипотека» деп аталатын жаңа жүйе азаматтарға үй сатып алу-сату шарттарын нотариусқа бармай-ақ ресімдеуге мүмкіндік береді.

Барлық процесс банк қосымшасы немесе ресми сайт арқылы өтеді. Үйдің құнын, бастапқы жарнаны және несие мерзімін енгізсеңіз, ай сайынғы төлем автоматты түрде есептеліп шығады. Кейін өтінішті толтырып, SMS-кодпен растасаңыз жеткілікті – келісім электронды түрде бекітіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық тұрғын үй алуды бұрынғыдан да жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге жол ашады. Бұған қоса, рәсімдердің ашықтығын арттырып, ипотеканы қолжетімді етуі тиіс.

Барлық жаңалық