Қазақстанның Ұлттық Геофизикалық зерттеулер институтының орталығы кеше 2025 жылғы 19 қарашада, сағат 23:45-те Қытайда болған жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Azattyq Ryhy сайтына сілтемемен.
Эпицентрі Үрімші қаласының шығыс жағында орналасқан. Магнитудасы 4,4, энергетикалық класы – 11, тереңдігі – 10 км.
Естеріңізге сала кетейік, кеше сейсмологтар Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,3 жер сілкінісін тіркеген еді.