Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев өз қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл шешімін ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында Қазақстан құрамасы Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін жариялады.
— Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті толығымен өз мойныма аламын. Барлық кінә – менікі. Сол себепті отставкаға кету туралы өтініш жазамын және жақын арада президентке хабарлаймын, — деді Әлиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бес кездесу өткізіп, бар болғаны үш ұпай ғана жинады. Команда Әли Әлиевтің жетекшілігімен Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңгенімен, Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) қарсы ойындарда жеңіліске ұшырады.