Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз — әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы — егемендік тарихындағы айтулы оқиға екенін айтты.

Бұдан бұрын Президент жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатқа және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға  қол қойғанын жазғанбыз.

 

Барлық жаңалық