Жаңалықтар

Қазақстан азаматтығына тест тапсыру ережелері өзгермек

Қазақстанның азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеу талаптарын жеңілдету ұсынылып отыр. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасында айтылған. Құжат “Ашық нормативтік-құқықтық актілер” порталында жарияланды деп хабарлайды ozgeris.info сайты ash.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Қазіргі заңнамаға сәйкес, Қазақстан азаматтығын алу үшін үміткер мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде меңгеріп, Конституция мен ел тарихының негіздерін білуі тиіс.

 

Жаңа түзетулерге сәйкес, тест құрылымына өзгерістер енгізіліп, үш негізгі пән бойынша баллдық жүйе қайта қаралады. Сонымен қатар, жалпы шекті балл 10%-ға төмендетілмек. Жаңа талаптар бойынша:

 

  • Мемлекеттік тіл бойынша ең төменгі шек — 15 балл (бұрын — 36 балл);
  • Қазақстан Конституциясының негіздері — 20 балл (бұрын — 9 балл);
  • Қазақстан тарихы бойынша талап өзгеріссіз — 15 балл.

 

 

Министрлік бұл өзгерістер тестілеуді әділетті әрі қолжетімді етуді көздейтінін атап өтті. Жаңа жүйе үміткерлердің білімін нақты әрі теңгерімді бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалық