Жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

11 тамызға қараған түні Қарағанды облысының Осакаров ауданында ауыр жол апаты орын алды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қайғылы жағдай Астана – Қарағанды – Алматы тас жолының 1396-шақырымында, Батпақты ауылының маңында болған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Алдын ала деректер бойынша, Toyota Alphard маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Алғашқы ақпаратта үш адамның қаза тапқаны, алты адамның түрлі жарақат алғаны айтылған еді.

 

Дегенмен, Қарағанды облыстық полиция департаменті нақтылағандай, апат салдарынан төрт адам – жүргізуші мен үш жолаушы көз жұмған. Тағы төрт адам, оның ішінде екі бала, ауруханаға жеткізілді.

 

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, апаттың себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Полиция жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жылдамдықты сақтау қажеттігін ескертеді.

Барлық жаңалық