Жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі болды

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі болды
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Ақордаға сілтеме жасап. Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. - 1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі; - 1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті; - 1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры; - 1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі; - 2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; - 2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы; - 2008 жылдан – «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті; - 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі; - 2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі; - 2016-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрі; - 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі; - 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарды. «Құрмет» (2005), «Парасат», «Барыс» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдарымен марапатталған.
Барлық жаңалық