Жаңалықтар

«ИИ мен криптоға ставка»: Қазақстан жаңа кезеңге өтуде

«ИИ мен криптоға ставка»: Қазақстан жаңа кезеңге өтуде

Қазақстан цифрландыру мен жаңа технологияларды дамытуға басымдық беріп отыр. Соның ішінде криптовалюта және цифрлық майнинг саласы да негізгі бағыттардың біріне айналуда деп хабарлады ozgeris.info сайты.

Наурыз айының ортасында өткен Digital Qazaqstan жобасына арналған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық дамуға қолайлы құқықтық және институционалдық орта қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы экономиканың барлық саласына жасанды интеллект пен озық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұл бағыттағы саясат бизнес пен қоғамның нақты сұранысына сай болуы тиіс екені айтылды.

Осы тұрғыда цифрлық майнинг елдегі цифрлық экожүйенің бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.

Алайда бұл саланың табыстылығы көбіне биткойн бағасына тәуелді. Соңғы жылдары криптовалюта бағасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.

2020 жылы биткойн шамамен 7,2 мың доллар болса, 2022 жылы 47,7 мың долларға дейін өсті. Кейін 2023 жылы 16,6 мың долларға дейін төмендеді.

2025 жылы қайта өсіп, 94,4 мың долларға жетсе, қазан айында 124,8 мың доллар деңгейіне көтерілді. Бірақ 2026 жылдың наурызында қайта төмендеп, шамамен 72,8 мың долларды құрады.

Бұл криптонарықтағы тұрақсыздықтың сақталып отырғанын көрсетеді.

Барлық жаңалық