Криптаға қызығып жүрсіз бе? Ендеше мына қателіктерден сақ болыңыз
Кейінгі жылдары криптовалюта туралы әңгіме такси ішінде де, кеңсе асханасында да, әлеуметтік желіде де жиілеп кетті. Бірі биткоиннан қомақты пайда тапқанын айтса, енді бірі күмәнді жобаға алданып, жинаған қаржысынан айырылғанын жеткізеді. Осылайша криптовалюта көпшілік үшін бір жағынан жаңа мүмкіндік, екінші жағынан түсініксіз тәуекелге айналды, деп жазады Ozgeris.info.
13:44, 23 маусым 2026