Жаңалықтар
Қазақстанда криптовалюта заңдастырылады: жаңа реформалар мен майнингке екінші тыныс
25.04.2025
477
Қазақстан билігі биткоин сияқты қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын заңдастыруды көздеп отыр. Бұл қадам криптовалюталарды көлеңкелі нарықтан шығарып, азаматтарға оларды қауіпсіз әрі заңды түрде пайдалану мүмкіндігін беруге бағытталған деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта көптеген қазақстандықтар заңсыз криптобиржаларды қолдануға мәжбүр. Бұған басты себеп — ресми платформалардағы қатаң шектеулер. Мұндай жағдайда алаяқтық не техникалық ақаулар кезінде ешкім қаражаттың сақталуына кепілдік бермейді. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл реформалардың мақсаты жазалау емес, керісінше, азаматтарға криптовалютаны заңды жолмен қолдану мүмкіндігін беру екенін атап өтті.
Билік бірқатар нақты бастамалар ұсынуда. Атап айтқанда, АХҚО (Астана халықаралық қаржы орталығы) лицензиясы бар платформаларда криптооперацияларға рұқсат берілмек. Заңды тұлғаларға криптовалютаға инвестиция салуға, ал төлем ұйымдарына криптобиржалармен әріптестік орнатуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, АҚШ долларымен операциялар бойынша валюталық шектеулер алынып тасталмақ және бұрын сатып алынған криптоактивтерді заңдастыруға жол ашылады.
Майнинг саласы да назардан тыс қалмайды. Бұл секторда арнайы экономикалық аймақтар құрылып, майнерлерге өз электр станцияларын салуға рұқсат етілмек. Майнинг жабдықтарын импорттауға қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, бұрын текке жағылатын ілеспе газды пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.
Аталған шаралар елімізге инвестиция тартуға, ашық әрі бақыланатын криптоэкожүйе қалыптастыруға, финтех саласында Қазақстанның беделін арттыруға және азаматтарды заңсыз платформалардан қорғауға бағытталған.
Қазіргі заңнамаға сәйкес, АХҚО-дан тыс криптовалюта сатып алу, сату және айырбастау жеке тұлғаларға тыйым салынған. Лицензияланбаған, әсіресе шетелдік платформаларда жасалған операциялар заңмен қорғалмайды. Бұл жағдай азаматтарды көлеңкелі нарыққа итермелеп, салық төлеуден жалтаруға және қаржылық қауіп-қатерге ұшыратуда.
Айта кетейік, Астанада жасырын майнерлер 143 миллион теңгенің криптовалютасын өндірген. Сонымен қатар, Қазақстанда алғашқы криптобанк құру мәселесі де талқылануда.
-
-
«Мақпал ма деп қалдық»: Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін білдірді17:54, 23 қазан 2026
-
Мәскеу әуежайлары жабылды: Шереметьевода әуе дабылы жарияланды17:44, 23 қазан 2026
-
«Бернли» 14 футболшысынан айырылды: Дастан Сәтпаев негізгі құрамда ойнай ма?17:40, 23 қазан 2026
-
-
-
«Құлақтан теуіп кететін ағалардан артық»: Жұмабек Жанықұл асабаны кездесуге шақырды16:23, 23 қазан 2026
-
-
Ақмола облысында 77 жылқы ұрлаған әкесі мен баласы қамауға алынды15:53, 23 қазан 2026
-
Абай Бегей мен жары Вьетнамда кезекті баласының жынысын білді15:19, 23 қазан 2026
-
«Шошып кеттік қой»: әнші Гауһар Әлімбекованы жұрт танымай қалды10:56, 23 қазан 2026
-
Үлкен енесінен айырылған Майғазиевтің келіні жазба жариялады12:55, 23 қазан 2026
-
«Әйелім қансырап жатты»: Жанболат Найзабеков жантүршігерлік оқиғасымен бөлісті09:00, 23 қазан 2026
-
-
Абай Бегей мен жары Вьетнамда кезекті баласының жынысын білді15:19, 23 қазан 2026
-
-
«ЭКО арқылы алтыншы бала»: Мөлдір Мұқан күтпеген мәлімдеме жасады14:17, 23 қазан 2026
-
«Жоғалтуға дайын емеспін»: Айгүл Иманбаева қорқынышын айтып, жылап қалды11:47, 23 қазан 2026
-
«Құлақтан теуіп кететін ағалардан артық»: Жұмабек Жанықұл асабаны кездесуге шақырды16:23, 23 қазан 2026
-
«Премьер басынан сипап, әкім арқасынан қақты»: Шымкенттік ана қуанышын жасыра алмады11:24, 23 қазан 2026
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
«Самолетімізді сатамыз»: Жазира Байырбекова ақшадан қиналғанын айтты14:30, 19 қазан 2026
-
«Шайтан сияқты қайта шығыпты»: істі болған Сабыржан асаба тойда көзге түсті13:46, 19 қазан 2026
-
-
«Жауап қайтарар уақыт келеді»: Олжас Абайдың экс-әйелі астарлы жазба жариялады18:16, 17 қазан 2026
-
«Мені 15 жыл материал қылды»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектен кешірім талап етті10:41, 20 қазан 2026
-
«Ажардың ащы зары қосылды»: Роза Әлқожа Оразалыны жоқтаған жыр туралы жазды13:18, 19 қазан 2026
-
-
«Көз алдымда өлтіріп кетті»: Ердос Қанаев тағы да жоқтап қалды16:13, 21 қазан 2026
-
«Адамдардың ойын оқимын»: Атхамбек Юлдашев не құдыреті барын айтты12:37, 20 қазан 2026
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
«Анасы онкологиямен ауырады»: Қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасы ауыр жағдайда13:51, 27 қыркүйек 2026
-
«Ақтауға барғанына бір ай ғана болған»: Түркістандық лейтенант туралы не белгілі13:24, 26 қыркүйек 2026
-
«Формадағы солдат суда тұр»: Көріпкел Каспийдегі жайтты алдын ала болжаған09:36, 28 қыркүйек 2026
-
«Баламның ішінде өкініш бар»: Аман қалған сарбаздың анасы жазбасымен елді жылатты11:39, 26 қыркүйек 2026
-
«Биыл қатыным өлді»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойдағы мәлімдемесі жұртты шошытты08:41, 01 қазан 2026
-
«Мынадай командирлерден Құдай сақтасын»: Маңғыстаулық блогер теңізде не болғанын айтты15:12, 24 қыркүйек 2026
-
«Болатын нәрсе сандыққа салып қойсаң да болады»: Нұрлан имам қара жамылғандарға басу айтты11:57, 26 қыркүйек 2026
-
-