🌐 Әлем

Еуроодақ Венгрияның ұстанымына наразы

Еуроодақ Венгрияның ұстанымына наразы

Еуропалық одақ елдері Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанға қарсы сотқа жүгінуі мүмкін. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады деп жазды ozgeris.info сайты.

Мәселе Украинаға бөлінетін 90 млрд еуро көлеміндегі қаржылық көмектің кешеуілдеуіне байланысты туындаған. Орбан бұл бастаманы бірнеше рет қолдаудан бас тартып, процесті тежеген.

Брюссельде өткен жабық кездесуде ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері Венгрияның ұстанымына наразылық білдірген. Германия тарапы да Будапешттің мұндай әрекеті енді қабылданбайтынын ашық жеткізген.

Дипломаттардың айтуынша, Еуроодақ елдері Орбанның келісілген шешімді бұзғанын негізге алып, оны Еуропалық сотқа беруді қарастырып жатыр.

Бұл іс бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Алайда Украинаға қаржылай көмек жақын уақытта қажет болғандықтан, жағдай күрделене түсуде.

Барлық жаңалық