Қоғам

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойыны пәтер бағасын қаншалықты шарықтатты?

«Қайрат» пен «Реал Мадридтің» ойынына орай Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бағасы қыза түсті. Матчқа билет табылмаса да, пәтерге сұраныс күшейгені анық, деп жазады Ozgeris.info.

 Krisha.kz сайтындағы хабарламаларға қарағанда, орталық стадионға жақын маңда бір апта бұрын тәулігіне 20-30 мың теңгеден жалға беріліп тұрған пәтерлердің бағасы қазір шарықтап кеткен. Әрине, кейбір қожайындар бағаны өзгертпей ұстап отырғандар да бар.

Мысалы, «Мечта на Минина» тұрғын үй кешеніндегі 1 бөлмелі пәтердің иесі матч өтетін күні бағасын 100 мың теңгеге дейін көтерген. «Тек темекі шекпейтін 2 адамға арналған, терезеден стадионды тамашалауға мүмкіндік бар» деп жазып қойыпты.

Сол үйдегі 3 бөлмелі пәтерді күніне 30-40 мың теңгеге жалдауға болады. Олардың сипаттамасында «бар жағдай жасалған» деп айтылады. Ал 1-2 бөлмелі пәтерлердің бағасы 15-20 мың теңгенің шамасында.

Орталық стадионға тура қарсы тұрған үйдегі 4 бөлмелі пәтердің жалдау құны 80 мың теңге екен. Аумағы 220 шаршы метр болатын кең пәтерге 12 адам сыяды.

Барлық жаңалық