МАҢЫЗДЫ

Путин Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Ресей Президенті Владимир Путин әлемдік ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуде Қазақстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қарым-қатынасын ізгі, сенімді және достық қарым-қатынас деп атады.
"Біздің өзара іс-қимылымыздың көптеген бағыттары бар: бұл энергетика, өнеркәсіптік кооперация, сол ғарыш... Қасым-Жомарт Кемелұлы екеуміз тұрақты байланыстамыз, онымен өте тату, сенімді, достық қарым-қатынас орнады", - деді Путин.
Сонымен қатар, ол екі елдің қарым-қатынасын қиындататын бірде-бір мәселені көрмейтінін атап өтті.
"Ресей Федерациясының 76 субъектісінің Қазақстандағы тиісті аумақтармен тікелей қарым-қатынасы бар. Айтпақшы, олар барынша тиімді, жақсы жұмыс істейді, себебі адамдар бір-бірімен тікелей байланыста болады, бір-бірін біледі, бір-біріне сенеді", - деп атап өтті Ресей президенті.
Путин сондай-ақ РФ мен Қазақстан ұлттық валютамен есеп айырысуды дамытып жатқанын айтты.
"Бізде Қытай Халық Республикасымен тауар айналымының 90% -ы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынастарымызда да осындай жағдай орын алуда: онда 100% -ға жуық, барлығы дерлік ұлттық валютада", - деп хабарлады ол.
Барлық жаңалық