Жаңалықтар

Павлодарда өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген ер адам өмір бойына сотталды

Павлодарда өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген ер адам өмір бойына сотталды

Павлодарда әйелі түнгі ауысымда кеткен кезде өгей қызына зорлық жасаған 36 жастағы ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Телеарна дерегінше, ер адам өгей қызын жылдар бойы зорлап келген және алғаш рет кішкентай қыздың 8 жасында азғындық әрекеттерін іске асырғаны анықталған. Сондай-ақ ол қызға қоқан-лоқы көрсетіп, одан бұл жайт туралы ешкімге тіс жармауды талап еткен. Осылайша кәмелетке толмаған қыз 11 жасқа толғанда барып, әрекеті әшкере болған. Сот жабық түрде өткен.

"Сот үкімімен Б кінәлі деп танылды. Оған өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Барлық жаңалық