Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалған Арман Қырықбаевпен кездесіп, ведомство қызметінің негізгі бағыттарын бекітті және алдағы жұмыс жоспары бойынша нақты міндеттер жүктеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау, оны кеңінен насихаттау және Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде таныту жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Отандық медиа кеңістікті жандандыру, сондай-ақ заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып, салалық заңнамалық базаны жетілдіру қажеттігі атап өтілді.
Елдегі қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды дәйекті түрде жалғастыру және жастардың шығармашылық пен жасампаздық әлеуетін жүзеге асыруына толық жағдай жасау міндеттелді.