Продюсер Баян Алагөзованың тозақ, жұмақ және діни ұғымдар төңірегінде жасаған даулы мәлімдемесі желіде үлкен резонанс тудырды. Оның бұл сөздеріне белгілі әнші Мөлдір ӘуелбековаThreads желісіндегі парақшасында шұғыл реакция білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың есімін тура атамаса да, дін төңірегіндегі дауға қатысты өз ұстанымын кесіп айтты:
«Діни сауаты жоқ адамдармен дін туралы сөз таластыру бекер. Ислам мен радикалды ажыратуға да білім керек», - деп жазды әнші
Продюсер өзінің жазбасында діни насихаттан әбден шаршағанын, тозақпен қорқытудың қажеті жоқтығын айтқан болатын. Оған қоса, «72 пәк қыз» туралы ұғымды келемеждеп, гипотетикалық сұрақ қойған.
Өнер иесі бұл пікірді білімсіздіктен туындаған қадам деп бағалап, ислам дінінің негізін радикализмнен ажырата білуге шақырды.