Алтынай Жорабаеваның қызы өзінің тойда берген сұхбатында күйеуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол күйеуге шығу туралы басынан жоспарлағанын айтты.
"Қобалжып жүрген жоқпын. Біздің танысқанымызға екі жыл болады. Мен өзім тұрмысқа шығайын деп айттым. Оның екі әпкесі күйеуде. Мен де соларға қызығып, біз қашан үйленеміз деп сұрадым. Бірақ маған тосынсый ұнамайды. Сақинаны да өзім таңдап алдым. Өйткені ұнамаса жылап, истерика шығарамын. Мінезім сондай. Бізді ортақ танысымыз таныстырды. Бір көргеннен бір бірімізді ұнаттық. Жолдасым заң колледжін бітірген, қазір университет оқиды. Үйінде бес бала, күйеуім ортаншы. Жарты жыл ата-енемен тұрамыз. Қордай жақтан болғандықтан, тойға дейін сонда боламыз", деді ол.