Қаржы министрлігі OLX.kz, Kolesa.kz сияқты интернет-платформалардан қызмет көрсететін пайдаланушылар туралы мәліметті салық органдарына тапсыруды міндеттейтін ереже әзірлеп жатыр, деп жазады Ozgeris.info.
Егер қызмет тегін жарияланған болса, платформалар бұл деректерді кірістер комитетіне беруге тиіс.
Мақсат – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлердің табысын заңдастыру, көлеңкелі кірісті азайту және адал бәсекелестікке жол ашу. Талаптар Wildberries.kz, Ozon.kz, Satu.kz секілді басқа да платформаларға тарауы мүмкін. Жоба 18 тамызға дейін ашық талқылауға ұсынылған.