Жақында белгілі әртіс Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев «Уақыт көрсетеді» арнасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, екеуінің жеке қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сұхбат барысында Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың арасындағы мәселелерге тоқталып, олардан сезіктенгенін де жасырмады.
– Сыртқы ғана емес, ішкі жұмысқа да араласайын десем, Дариға менің келуімді еш қаламады. Бір күні Олжас тәртіп бұзып, оны үйге әкелдік. Сол кезде де Олжастан ақырын сұрадым. "Ой братан, жоқ ондай" деп сендірді. Екеуміз де бір жерден, жерлеспіз. Ол мен "старшак" деп сыйлайтын. Фильмнің премьерасының алдында он күнге Умраға барып келдім. Сол кезде басталды бәрі. Мені фильмнің жұмысына араластырмайды. Дариға үйге аптасына екі-үш күн ғана қонуға келеді. Менен қашқақтап жүрді. Премьераға барған күні Олжастың да қашқақтағанын байқадым. Миллиард теңге касса жинады фильм. Дариға сұмдық өзгерді. Сөзі де, өзі де өзгерді. "Таптым ау сені" 1 миллиард 850 миллион теңге жинайды. Дариға адам танымастай өзгеріп шыға келді. Сол күні хабарласып, "Дархан, мен барамын, отырып, сөйлесейік"деді. Келді. "Мен мамамдарды, бәрін асырап шаршадым. Мен өзім кетейінші. Шетелге кетейінші. Маған кедергі жасамаңдаршы" деді. "Неге осыған дейін бұл әңгіме айтылмады. Неге қазір бұны айтып отырсың? Әлде Олжаспен араңда бір нәрсе бар ма?"деп сұрадым. Байбалам салып, бой бермеді. Сол кезде де мойындамады. "Дархан, менің бауырларымды, анамды ұмытпашы. Саған аманат. Оларға көмектесіп тұршы. Ешкімге сұхбат бермеші, мені жамандамашы" деді. "Дариға, бір ғана нәрсені кешірмеймін. Егер сен Олжас үшін кетіп бара жатсаң, сені кешірмеймін" дедім. Солай ол кетті",-дейді Дариға Бадықованың бұрынғы жолдасы.