Шоу-бизнес

"Нүкте қойғым келеді": Тағы бір блогер ажырасқанын жариялады

"Нүкте қойғым келеді": Тағы бір блогер ажырасқанын жариялады

Танымал блогер Әлихан Байзақов өзінің ажырасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Айта кетейік, ол биыл сәуір айында сүйіктісімен неке қидырып, ислам дінін қабылдаған еді.

“Осыған нүкте қойғым келеді: біз ажырастық. Бұл – екі жақтың ортақ шешімі. Бұрынғы қыздарыма, бойжеткендерге, әйелдерге үлкен құрметпен қараймын. Көп жақсы сәттер мен естеліктер болды, бірақ бәрінің өз соңы бар. Мәселені жабық деп есептеймін. Бұл адам енді менің тегіме де, отбасымa да еш қатысы жоқ. Құрметпен қарауларыңызды сұраймын”, – деп жазды блогер.

Барлық жаңалық