Мысырда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Ozgeris.info сайты Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.
Жер асты 5,6 балдық дүмпуі Суэц маңында тіркелді. Әзірге қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ресми ақпарат жоқ.
Деректерге сәйкес, жер сілкінісі 3 тамызда Суэц қаласынан солтүстікке қарай 38 шақырым жерде болған.
Мысырдағы Қызыл Жарты Ай қоғамы жер асты дүмпуі сезілген провинцияларда төтенше жағдайларға ден қою жоспарын іске қосқанын хабарлады. Ұйым тұрғындарды құрылымына зақым келгені байқалатын ғимараттарға жақындамауға және құзырлы органдар жағдайды бағалап жатқан кезде ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын бақылап отыруға шақырды.