Продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде өзін сынға алған пікірге жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желі қолданушысы Айдарбекованың соңғы жазбасына пікір қалдырып, оның ұлын үнемі өз қасында ұстағанын, балаларына еркіндік бермегенін меңзеген.
Оған Гүлзира Айдарбекова ашық түрде жауап қайтарды:
«Бұл не әңгіме, сырттай айтылған өсекке сенгенше көзіңізді ашып қарасаңызшы. Мен өз ісімді істеп жүрген продюсермін. Жаныма байлап қойғаным жоқ. Ақшаларын да иемденген емеспін, ешкімнен кем өмір сүріп жатқан жоқпын», — деп жазды ол.
Продюсер сондай-ақ отбасына қатысты жалған ақпараттар мен пікірлердің көп айтылатынын айтып, мұның бәрі хайп пен жазылушы жинау мақсатында жасалатынын атап өтті.
«Бәрі менің ұрпағым, өмірімнің жалғасы. Ұлымның бақыты үшін жеңу, жеңілтіп жүруім емес пе?» — деп түйіндеді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, соңғы уақытта Гүлзира Айдарбекова мен оның отбасы жайлы түрлі пікірлер әлеуметтік желіде жиі талқыланып жүр.
