Астанада блогер Жанабыловтарға қатысты сот отырысы жалғасуда. Іс барысында олардың ұйымдастырған ұтыс ойынында көлік жеңіп алған куәгер өз сөзін айтты деп жазды ozgeris.info сайты.
Куәгер Серік Н. блогерлердің парақшасына жазылғанын және олардың курстары туралы сол жерден білгенін жеткізді. Ол оқу курсын сатып алып, оны әпкесіне сыйға тартпақ болған.
Оның айтуынша, сатып алғаннан кейін оған көлік ұтып алғаны туралы хабарлама келген. Алғашында ол бұған сенбеген, бірақ кейін блогерлер хабарласып, ұтыс рас екенін түсіндірген.
Куәгер блогерлердің үйіне барып, ұсынылған 10 көліктің ішінен өзіне ұнағанын таңдаған. Кейін құжаттар толық рәсімделіп, көлік оның атына тіркелген.
Ол көлікті кейін сатып, түскен қаражатты баспана алуға жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты.