Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде үш әйелі барын айтып, қаржылай қиындыққа тап болғанын мәлімдеген ер адамның сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Продюсердің айтуынша, егер отбасы елдің пікіріне мән бермейтін болса, мұндай мәселені көпшілікке жариялаудың қажеті жоқ.
Ол қазіргі таңда көптеген жалғызбасты аналар мен қиын жағдайда қалған отбасылар ешкімнен көмек сұрамай, адал еңбекпен күн көріп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Айдарбекова еңбек ету арқылы кез келген қиындықты еңсеруге болатынын айтып, ер адамның өзі де, әйелдері де жұмыс істеуден қашпауы керек деген пікір білдірді.
Бұған қоса, продюсер соңғы уақытта халықтан қаржылай көмек сұраушылар көбейгенін айтып, мұндай жағдайлардың арасында алаяқтық әрекеттердің де кездесетінін ескертті.
Оның сөзінше, адал еңбекпен табыс табудың орнына жеңіл жол іздейтіндер көбейген.