🏛️ Саясат

Жасанды интеллект министрлігін кім басқарады?

Қазақстанда жаңадан құрылатын Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге бір адам басқаратын болды. Бұл туралы цифрлық даму вице-министрі Қаныш Тлеушин мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Бізде бір цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар. Осы министрліктің базасында жаңасы құрылады, сол себепті екі министр болмайды, бір министр басқарады. Ал оның кім болатынын мен білмеймін», деді Тлеушин.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын жариялаған болатын.

Барлық жаңалық