Жаңалықтар
Жас мамандарға жеке брендті дамытудың маңызы түсіндірілді
17.11.2023
121
Маңғыстаулық жас мамандар «Жас басқарушылар» мектебі аясында «Жеке бренд. SMM» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды. Оқытуға 100 жас маман қатысты. Олар ҚР Журналистер Одағының мүшесі, медиатренер Алтынгүл Меңдіханнан білім алды.
Қазіргі таңда жеке бренд кез келген сала маманына қажет. Өзінің білімі мен тәжірибесін жеке брендке икемдеу арқылы көптің қызығушылығын оята алады.
Тренердің айтуынша, мұғалімдер жаңа дағдыны меңгеріп, оны өз саласында тиімді қолдана алса, оқушылардың да назарын білім алуға бағыттар еді. Сонымен қатар жеке бренді бар мұғалім өз жобаларын оңай ұсынып, жоғары көрсеткішке қол жеткізе алатынын тілге тиек етті.
Мұнан бөлек оқыту барысында медиасауат, әлеуметтік желідегі этика, кибербуллинг тақырыптары сөз болды. Телефон қолданатын жанның барлығы ақпаратты таратуда медиаэтиканы сақтауы керек екені айтылды. Ал ақпараттарды оқып, оны қабылдауда сыни ойлау дағдысы мен фактчекинг жасаудың маңыздылығы сөз болды.
«Бүгінгі сабақта жеке брендтің маңызы мен оның қалыптастырудың жолын үйрендік. Оқытуға қатысқан жас мамандар алдағы уақытта жеке бренді дамыған мықты мұғалім, білікті кадр болып жетілуі үшін қазірден бастап тыңбай еңбек ету қажет екенін түсіндік. Оқыту өте қызықты өтті және әлеуметтік желінің қыр-сырын меңгеруімізге септігін тигізді. Ұйымдастырушылар мен медиатренерге алғысымыз шексіз», - деді жас маман Марат Қани.
Айта кетейік, оқытуды «7 Жұрт» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы білім басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе ұйымдастырды. Негізгі мақсат – мұғалімдердің біліктілігі мен белсенділігін арттыру, жаңа дағды қалыптастыру арқылы көшбасшы қалыптастыру.
-
Жоқ бақтарға берілген субсидия: АФМ ірі жемқорлық схемасының бетін ашты11:37, 16 сәуір 2026
-
-
ЖИ мүмкіндіктерін қалай тиімді пайдалану керек?11:20, 16 сәуір 2026
-
Павлодардағы әскери бөлімде адам өлімі тіркелген атыс болды11:14, 16 сәуір 2026
-
«Қазақмыс» кеншілері Теміртаудағы қауіпсіздік эстафетасына қатысты10:57, 16 сәуір 2026
-
Екібастұзда науқастың достары дәрігер мен медбикені өлімше етіп ұрып кеткен (ВИДЕО)10:20, 16 сәуір 2026
-
Атырау полиция басқармасының бастығы қамалды10:05, 16 сәуір 2026
-
Қазақстанға келу қиындай ма? Көші-қон ережесіне енгізілген 5 маңызды өзгеріс09:36, 16 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
«Жаны жұмақта болсын»: Белгілі актер, халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті08:50, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
Олигархтар үшін бөлек сот бар ма: Депутат Бақытжан Базарбек шындықты жайып салды13:15, 15 сәуір 2026
-
Астанадағы алапат өрттен кейін Мәжіліс депутаттары дабыл қақты14:02, 15 сәуір 2026
-
-
Жамбыл облысына қарасты ауылда екі оқушының мәйіті табылды16:07, 15 сәуір 2026
-
Тоқаев АХҚО басқарушысы Ренат Бектұровтың есебін тыңдады17:17, 15 сәуір 2026
-
-
-
"Жігітпен жатпағанмын": Гүлмира Ізбасхан елді шулататын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:34, 13 сәуір 2026
-
"Жылап алдым": Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсынның ұлымен ерекше амандасты (ВИДЕО)09:46, 09 сәуір 2026
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"1,5 жылдан кейін кездестік": Мөлдір Мұқан күйеуі Тұрсынбек туралы (ВИДЕО)11:41, 10 сәуір 2026
-
-
"Жалған пиар": Журналист Тұрсын Алагөзовке ауыр айып тақты (ФОТО)16:23, 10 сәуір 2026
-
"Ішің күйсін": Баян Алагөзова журналистің бетіне сағызын түкіріп жіберді (ВИДЕО)11:18, 10 сәуір 2026
-
-
-
-
-
-
"Тоқалды қаламасаң да алады": Сәкен Майғазиевтің жары шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:23, 19 наурыз 2026
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026
-
Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құдаласты17:40, 22 наурыз 2026
-
"Өз жолыңды біл!": Кенжебектің әйелі келінге тілек айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)15:33, 26 наурыз 2026
-
«МашАлла мен Әлхамдулилласыз да өмір сүрдік»: Баян Мақсатқызы даулы мәлімдеме жасады12:38, 18 наурыз 2026