Қоғам

"Жақындарынан айырылды": Шавкаттың қарындасы жеңгесі туралы жазды

"Жақындарынан айырылды": Шавкаттың қарындасы жеңгесі туралы жазды

Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова ағасы Шавкат Рахмоновтың басына түскен жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеп.

Сора Рахмонова жеңгесінің жол апатынан жарақат алғанын айтып өтті.

«Ағамның отбасындағы жағдайға алаңдап, хабарласып жатқандарға Алла разы болсын! Мұндай ауыр жағдай ешкімнің басына келмесін! Ертең не боларын бір Алла біледі...

Жеңгеме Алла жар болсын! Екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды.

Қайтыс болған жандардың иманы жолдас болсын! Жандары жәннатта болғай!» – деп жазды Шавкат Рахмоновтың қарындасы.

Барлық жаңалық