Қоғам
«Жанымыз қан жылады»: Профессор қаза үстінде атақ сұраған ақынға шүйлікті
Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек жазушы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салар алдындағы қаралы жиында орын алған масқара жайлы жазды. Ғалым ауыр қаза үстінде атақ сұрап, өкпесін айтқан ақынның әрекетін көргенсіздікке теңеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Профессор ақын Ханбибі Есенқарақызының әрекетін «Жүз жылдық көргенсіздік» деп атады. Ол оқырмандардан Ханбибі Есенқарақызы үшін кешірім сұрап, еңселері түсіп, Шымкенттен келген делегацияның еңселері түсіп қайтқандарын жазды.
Профессордың жазбасы:
ЖЕРДІҢ ҮСТІМЕН БАРЫП, АСТЫМЕН ҚАЙТТЫҚ…
Әлемдік даңқ тұғырында тұрып ардақты перзентіміз, аяулы Азаматымыз, классик жазушы Дулат Исабеков қайтыс болды. Қазаның қандайы болса да ауыр. Дегенде, қазақ әдебиетін биік өреге көтеріп, өз туындыларымен қазақ халқын сырт жұртқа, әсіресе мәдениеті астам Еуропаға танытып кеткен, тіпті Лордтар палатасында қазақ атынан сөз сөйлеген тұңғыш қазақ классик жазушының қазасы – тұтас қазақтық, тұтас Қазақстандық, тіпті әлемдік әдебиет қазасы еді. Телефонмен күнбе-күн хабарласып отырған (күнделікті жазбаны Ф/б-да жарияладым) едік, «көптен жабысқан сырқат ажалды да көптен күткізеді ғой, әне-міне-деп назалана күтіп жүрдік. Үміт ең соңынан өледі емес пе?! Бәрібір, естіген сәтте аза бойымыз қаза болып азалы хал кешкеніміз. (Ұлым Шыңғыс түнгі 12-де хабарлады. Дулат Исабеков Т.Жүргенов академиясының профессоры болатын.) Көптен күткен трагедия болған соң дереу есімді жиып, Түркістан обылысы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Сәрсен Құранбек пен Бейсен Тәжібаевқа хабарласып, делегация жасақтап бармақ жөн екенін, басшыларымен ақылдасуын өтіндім. Қайғы халықтық, қайтыс болған Дулат Исабеков – Оңтүстік тумасы-деген гәп!
Шындықты бетке айтатын ақиқатшыл, ұлттық намысы қалғымаған, жаманатқа аяғын шалдырмаған Даңғайыр жазушының қазасына Шет елдерден көңіл айту аза хаттары жауып кетті, Астанадан Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың көңіл айту хатын алып, Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин жетті. Кемел болып өткен Азаматымыз Жазушылар одағының кең залына қойылды. Біз бас киіммен, (қазақ қаралы сәтте бас киімін алмайды), өзгелер бас киімсіз «қарауылға» тұрып, қоштастық. Қаралы дастархан жайылып, Ас берілді. Іштей егілумен әзер-әзер қимылдап ілбіп жүрміз әйтеуір. Тарихтың да, тарихты жасаушы жазушының да қадырына жетіп Ерлан Қарин, бақилық достары Төлен Әбдік пен Бексұлтан Нұржеке егіліп сөйлеп, қоштасу сөзін айтты. Ішке жиналған қайғы сейілу орнына жауар бұлттай қоюлана түсті. Ақыры жауып-жауып та кетті. Көз жасынан кірпігіміз айқасып жабысып қалды…
Облыс (Түркістан), қаладан (Шымкент) барған қаралы делегация өзімізді СҮЙЕКШІ (Д.Исабеков) рөлінде сезініп қайысып отырмыз. СҮЙЕКШІ делегация атынан ақын Ханбибі Есенқарақызына сөз берілді. Апатайымды не албасты басқанын білмеймін, әй-шәй жоқ, Дулат Исабеков мақтаған прозалық шығармама (Апатай-ау, Сізде бір түйір дұрыс прозалық шығарма жоқ қой) Мемлекеттік сыйлық бермедіңдер…деп қара қазан өкпесін қаралы жұрттың алдына ақтара салды. Тесік болса Жерге кіре жаздадық. Қатар отырған қадірлі қариямыз Бекет Түрғараев екеуміз бір-бірімізге аңтарыла қарастық. Сұраулы көздеріміз өзара айқасып қалды… Біздің күткеніміз – СҮЙЕКШІ- (сүйек иесі десек) делегацияның Түркістан облысы әкімінің жаралы жанға жамау боларлық сөзі еді. Не сөз ол? «Дулат Исабековтің қырық күндік асын туған жері, жерлестері міндетіне алып отыр…». «Қап!»-деп санымызды тағы соқтық. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің кісілік сөзі айтылмай, апамыздың орынсыз пендешілік сұрамсақ сөзі айтылып кеткеніне СҮЙЕКШІЛЕР «қап!»-дестік… Онсыз да жылап отырған Жанымыз одан әрмән қан жылады… Қансырады…. «Қап!….» Облыс әкімдерінің қазақы рәсім сәлемін арқалап жеткен СҮЙЕКШІЛЕРдің кісілік сөзі айтылмай ЭГО сөзі айтылып кеткеніне жанымыз жүдеді, жұртқа қарай алмай, жамыраған жанарлар жасты көздерімен жер шұқылады… Аяғымыздың асты тас екен… Сол сақтады… Қаралы асты жетектеп отырған Жазушылар одағы Басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің «ЕНДІГІ КЕЗЕК СІЗДІКІ…»-деген сөзінен кейін басымызды зорға көтердік... Орынбасар Ертай Алтаев Облыс әкімінің сәлемін жеткізді.
Өлімге де абырой керек. Қаза да құрмет тілейді. Қазаға керек құрметті тауып бере алмай, беріп тұрып, соны жәмиғатқа жеткізіп айта алмай, қайғы жұтып Жер бетімен барған СҮЙЕКШІЛЕР қаралы АСТАН кейін Жердің астымен Дулат Исабековтей дананы берген өңірге ілби басып сылбыр қайттық…Жердің үстімен барып, астымен қайтқан деген осы болар асылы...
…Кештеу жеттім. Кештеу келіп, әлеуметтік желіні қарасам, у да шу… Қадірлі апамыздың қаралы сәтте абыройын айрандай төгіп алғаны жайында журналист Бақытжан Бұқарбай құлаққа, құлаққа емес-ау, жүрекке жайсыз тиетін пікір айтыпты. Оны 120 мың адам оқыпты. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей абдырап тұрған сәтіміз. Апамыз кешірім сұрау орнына жауап жазып, ақталып жатыр… Осы бір жайсыз орайда, Бауыржан Бұхарбайдан кешірімді Мен сұрағым келеді. Бірақ, жазушы біткенді жаппай кіналамағандарың жөн, айналайын. Жазушы – жалпы сөз. Ханбибі – жалқы… Жалқының қаралы астағы жойдасыз сөзін жалпыға жаппағандарың жөн. Дегенде, үлкен ескерту жасадыңдар. Жазушы – ұлттың рухани жетекшісі болған. Алда да жазушы халқымыздың рухани жетекшісі болып қалар…
Ақыр сөзде, Дулат Исабековтей ұлтымыздың ұяты болып жасаған, халқымыздың рухани айнасы болып өткен жазушымыздың қазасына қаралы делегация жасақтап жіберген, «артын күзету» аталатын қаралы рәсімдерін көтеріп алып, кісілік танытқан облыс әкімі Нұралхан Көшеровке, қала әкімі Ғабит Сыздықбековке ағалық жүректен алғыс айтам. Ақаба сөзде, Қазақстан Жазушылар одағының Хатшысы райында, Ханбибі апамның (рулас әпкем) артық ісі үшін, Сендерден де кешу өтінемін!
Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын. Қайғырып көңіл айтып жатқан қазақ еліне СҮЙЕКШІЛЕР атынан Алла разы болсын деймін!
Жақсылықта, қуанышта, тойда жолығайық, құрметпен Құлбек ЕРГӨБЕК.
-
"Дым эмоциясы жоқ": Тұрсын Алагөзов Баянның қызына қымбат сый жасады (ВИДЕО)
17:04, 18 шілде 2025
-
Маңғыстауда заңсыз дәрі сатумен айналысқан дәріхана анықталды
16:19, 18 шілде 2025
-
Экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды
15:51, 18 шілде 2025
-
Полицейлер Атырау тұрғынынан 16 келіден аса марихуана тәркіледі
14:59, 18 шілде 2025
-
-
“Ақтөбенің” жаңа қарсыласы - Праганың “Спартасы”
13:50, 18 шілде 2025
-
Балабақшадағы қатыгездік: тәрбиешіге үкім шықты
12:35, 18 шілде 2025
-
Президент жазушы Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айтты
12:21, 18 шілде 2025
-
Банктер жарты жылда 1,4 трлн теңге пайда тапты
12:15, 18 шілде 2025
-
Жамбыл облысындағы колониядан қашып кеткен қылмыскер ұсталды
11:47, 18 шілде 2025
-
-
Қыдырәлі Болманов басынан өткен қиындықты баяндап берді
01:07, 18 шілде 2025
-
Жазушы Исраил Сапарбай дүние салды
09:40, 18 шілде 2025
-
«Ұйқы жоқ»: Асхат Тарғын үлкен проблемаға тап болғанын айтты
21:53, 17 шілде 2025
-
"Дым эмоциясы жоқ": Тұрсын Алагөзов Баянның қызына қымбат сый жасады (ВИДЕО)
17:04, 18 шілде 2025
-
Масқара жағдай: Бағасы шетелмен, сапасы ауылмен тең отандық демалыс орындары
21:35, 17 шілде 2025
-
Астанадағы «Big Шанхай» базары отқа оранды (ВИДЕО)
09:37, 18 шілде 2025
-
Банктер жарты жылда 1,4 трлн теңге пайда тапты
12:15, 18 шілде 2025
-
-
Алматы тауларында жардан құлаған жасөспірім тікұшақпен құтқарылды
09:27, 18 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
Елімізде еңбек кітапшасының күші жойылды
12:42, 14 шілде 2025
-
-
Айгүл Қосанова неліктен өзінен 14 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтты
00:15, 14 шілде 2025
-
-
"Өзінен сұраңыздар!": Мөлдір Мұқанова ашуына мінді
11:30, 15 шілде 2025
-
Миллиондаған ақша: Геннадий Головкиннің есімі атышулы сотта аталды
15:47, 14 шілде 2025
-
«Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым»: Тұрсынбектің «екінші» әйелі үндеу жасады
13:02, 12 шілде 2025
-
«Мақтап жүрген серілерің осы ма?»: Асылхан Төлеповтің басы дауға қалды (ВИДЕО)
09:52, 14 шілде 2025
-
ҰҚК басшысы антикордың комитетке бірігуіне алғаш рет пікір білдірді
12:31, 14 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025