Павлодар облысында екі зауыттың құрылысы жоспардан алынып тасталды. Бұл туралы LS порталы облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады. Инвесторлар жоспарларын өзгертуіне байланысты бұл жобалар инвестициялық пулдан шығарылды деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, аталған кәсіпорындар құрылыс немесе өндіріс сатысына жетпеген. Бұған дейін бұл екі жобаның жалпы құны 39,3 млрд теңге деп бағаланған болатын.
2024 жылдың маусым айында инвестициялық реестрге жалпы құны 7 трлн теңге болатын 250 жоба енгізілген. Аймақтық инвестициялық пулға 290 жоба қосылып, 136 өзектілігін жоғалтқан жоба тізімнен алынып тасталды.