Төтенше жағдайлар министрлігі алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болып, ауа температурасы +46°С дейін жететінін ескертті. Сонымен қатар, өрт қаупі де күшейеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, апта соңында Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Жетісу облыстарында өте қатты ыстық күтіледі.
- Түркістан облысында – +46°С дейін;
- Қызылорда облысында – +45°С дейін;
- Атырау мен Маңғыстауда – +44°С дейін;
- Жамбылда – +43°С дейін;
- Алматы, Жетісу, БҚО және Ақтөбеде – +42°С дейін.
Бұл өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Қауіпті кезең алдағы аптаның басына дейін жалғасуы мүмкін.
Мамандар аптап ыстықтың адам денсаулығына қауіпті екенін ескертеді. Мәселен, Еуропада 10 күнге созылған ыстықтан 2300 адам көз жұмған. Kursiv.Media бұған дейін күн өтіп кеткен жағдайда не істеу керектігі жөнінде арнайы материал жариялаған.