Қоғам

Жаңабыловтар соты мәресіне жетті: Блогерлер 250 млн теңге төлеп, түрмеден аман қалды

Жаңабыловтар соты мәресіне жетті: Блогерлер 250 млн теңге төлеп, түрмеден аман қалды

Астанада танымал блогерлер Ерболат пен Эльмира Жаңабыловтарға қатысты «заңсыз кәсіпкерлік» бабы бойынша қозғалған атышулы сот процесі аяқталуға жақын. Олардың ісі қоғамда үлкен талқылау тудырып, басқа медиа тұлғаларға да үлкен сабақ болғалы тұр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Астанада көптен бері жалғасып келе жатқан «Жаңабыловтар соты» өз мәресіне жетіп қалды. Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылған еді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, айыпталушылар прокуратурамен процестік келісімге келіп, нақты қамауға алынудан аман қалған.

Сот үкімінің алдын ала шарттары: Жасалынған келісім аясында екі блогерге де 2 жыл көлемінде жаза тағайындалуы мүмкін. Атап айтқанда:

Ерболат Жаңабыловқа – 2 жыл шартты жаза;

Эльмира Төлегеноваға – жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыру (Атырау облысының экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіндегідей, ол да темір торға тоғытылмайды).

Бұған қоса, блогерлер мемлекетке келтірілген 250 миллион теңгеге жуық шығынды толықтай өтеп берген.

Сарапшы пікірі: Бұл істегі басты сұрақ Көпшілік блогерлердің түрмеден аман қалғанына екіұдайы сезімде. Бір жағынан, олардың бас бостандығынан айырылмағаны жақсы жаңалық. Алайда, іс материалдарына тереңірек үңілгендер басқаша пікірде.

Кейбір бақылаушылардың пайымдауынша, Жаңабыловтарды «заңсыз кәсіпкерлік» емес, тікелей «алаяқтық» бабы бойынша соттау әділірек болар еді. Себебі, олар ұйымдастырған онлайн-ұтыс ойындарының (гивтердің) негізінде алдау механизмі жатыр: қарапайым халық ешқашан жеңіске жете алмайтындай етіп жасалған қулық. Олар өздеріне ақша әкелген адамдарды саналы түрде алдап, кәдімгі көшедегі «шарик-малик» ойынын онлайн форматқа көшірген.

Қалай болғанда да, Жаңабыловтардың бұл ісі интернетте оңай олжа тапқысы келетін барлық қазақстандық блогерлер үшін үлкен ескерту және сабақ болатыны анық. Бұдан былай желідегі ұтыс ойындарына құзырлы органдардың бақылауы арта түспек.

Барлық жаңалық