💰 Экономика

Жалғыз өзі 2 млрд теңгеге жуық қаржы ұрлаған

Жалғыз өзі 2 млрд теңгеге жуық қаржы ұрлаған

«Евро-Азия Эйр» әуе компаниясы 2025 жылдың басында бір қызметкерінің ірі көлемде ақша жымқырғанын анықтады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп жазады Ozgeris.info.

Компанияның 2024 жылғы қаржылық есебінде ұрланған сома 1,97 млрд теңге резервтен есептен шығарылған. Құжатта:

«Ақшаны қайтару мүмкіндігі төмен болғандықтан, 1 932 992 мың теңге сомасында дебиторлық берешек резервтен алынды», делінген.

Мұндай резерв компания күмәнді берешек өтелмейді деп болжаса ғана құрылады.

«Евро-Азия Эйр» тікұшақ және бизнес авиация қызметін көрсетеді. Компания «Sky Logistics Services»-ке тиесілі. Оның иелері  Нұрлан Қаныбеков (65%) пен Талғат Әсембек (35%). Аты-жөндеріне қарағанда, екеуі жақын туыс.

Қаныбековтер отбасы Forbes тізімінде жиі аталатын дәулетті кәсіпкерлер. 2025 жылы олардың байлығы 95 млн долларға бағаланған. 2017 жылы олар бұл әуе компанияны «ҚазМұнайГаз»-дан 11,85 млрд теңгеге сатып алған.

Барлық жаңалық