Тель-Авив Тегеранды "зымыран атты" деп айыптайды. Десе де, Иран Изральдің бұл мәлімдесіне үзілді-кесілді қарсы шығып, шындыққа жанаспайтынын айтқан, деп хабарлайды ozgeris.info.
Осылайша, Израиль билігі атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына байланысты Иран нысандарына соққы беру туралы бұйрық шығарған. Мұны елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.
– Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеранның орталығындағы Иран режимінің нысандарына жойқын соққы беруді тапсырды, – делінген ресми хабарламада.
ЦАХАЛ-дың ақпаратын сенсек, атысты тоқтату туралы екіжақты келісім күшіне еніп, бірнеше сағат өтер-өтпестен Иран аумағынан Израильге кемінде екі баллистикалық зымыран ұшырылған. Абырой болғанда, оны елдің әуе қорғаныс жүйесі толық жоя алған. Зымыраннан зардап шекен адамдар, қираған ғимараттар жоқ.
Сондай-ақ, Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары – ISNA агенттігі мен IRIB телерадиокорпорациясы Израильге зымыран жіберілгенін жоққа шығарып, Тель-Авивтің айыптауына келіспеді.