Жаңалықтар

Инвестициялық ынтымақтастық табысты дамуда

Кездесуді ашқан Ерлан Қошанов Елшіге былтырғы жылдың күзінде басталған Қазақ­стан­дағы дипломатиялық жұмысына табыс тіледі. Мәжіліс Cпикері Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси-экономикалық серіктесі екенін және елімізге инвестиция салу­дан көшбасшылардың үштігіне кіретінін атап өтті.
– Елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған отыз жыл ішінде сенімді саяси диалог жолға қойылды. Сауда-экономика­лық және инвестициялық ынтымақтастық табысты дамып, мәдени-гуманитарлық бай­ланыстар арта түсуде. Қазақстанның жаңа эко­номикалық бағыты шетелдермен іскерліктің кең мүмкіндіктерін ашады. Осыған байланысты біз Қазақстан нарығына швейцариялық серік­тес­терімізді шақырамыз, – деді Ерлан Қошанов.
Палата Cпикері Елшіге Мемлекет басшы­сының саяси реформалары туралы айтып, соның нәтижесінде бүгінде Мәжілісте алты партия мен бір мандатты округтен сайланған депутаттар бар екеніне назар аударды. Елші Қазақстан мен Швейцарияның эко­номикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық білім беру саласындағы өзара іс-қимылының әлеуетін толығымен пайдалану керектігімен келісті. Оның айтуынша, парламентаралық ынтымақтастық біздің байланыстарымызды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда тараптар Мәжілісте және Ұлт­тық Кеңесте құрылған парламенттік достық топ­тарын, сондай-ақ комитеттер мен саяси пар­тия­­лардың фракцияларымен жұмыс істеуге уағ­даласты. Елші екі елдің депутаттары тығыз ынтымақ­тастықта жұмыс істей алатын бірқатар бағытты ұсынды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, суды үнемдеу, логистика және білім беру салалары бар.
– Швейцария жоғары кәсіби техникалық қызметкерлерді даярлауға мүмкіндік беретін дуалды білім беру жүйесімен танымал. Біздің тәжірибеміз Қазақстанға пайдалы болар еді, – деді Салман Бал.
фото: Жаслан ЖҰМАБЕКОВ
Барлық жаңалық