Жаңалықтар

inDrive негізін қалаушысы қазақ қызына үйленді

inDrive негізін қалаушысы қазақ қызына үйленді

inDrive халықаралық компаниясының негізін қалаушы, миллионер Арсен Томский қазақ қызы Камила Лұқпановаға үйленді. Кәсіпкер қуанышты жаңалықты Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Томский қалыңдығымен Ыстанбұлдағы Босфор бұғазының жағалауында түскен суретін бөлісті.

«Қазақ ұлтына +1 күйеу бала. Міне, қазақ халқының күйеу баласы», — деп жазды ол.

Жас жұбайлардың үйлену тойына әлемнің әр түкпірінен достары мен бизнес саласының танымал өкілдері жиналған. Қазақстан мен Грузиядағы Forbes франшизасының иесі Арманжан Байтасов та салтанатты шарадан жазба жариялады.

«Бүгін Арсен Томский мен Камиланың үйлену тойы. Жас жубайларды осы маңызды оқиғамен құттықтау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен достары келді!», – деп бөлісті ол.

Той қонақтарының арасында Марғұлан Сейсембай, Эдуард Ким, Нұрлан Смағұлов және Айдын Рахымбаев сияқты танымал кәсіпкерлер де болды.

Барлық жаңалық