Шоу-бизнес

«Ененің даналығы»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды қонаққа шақырып, сыйлық берді

«Ененің даналығы»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды қонаққа шақырып, сыйлық берді

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова және оның отбасы Мальдив аралынан демалыстан оралып, қуанышты сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Продюсердің жазбасына қарағанда, отбасы мүшелері аман-есен қайта қосылып, бірге уақыт өткізіп, қуанышқа бөленген. 

«Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт!» – деп атап өткен ол.
Гүлзира Айдарбекова жазбасында өмірдің көрінбейтін, тыныштықпен берілетін сәттеріне де тоқталған. 

«Барлығы көріп жүрген күлімсіреу — шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға – жеткілікті» – деп бөліскен продюсер.

Оқырмандар жазбаны жылы қабылдап, отбасыға бақыт пен амандық тілеген пікірлер қалдырды.

Барлық жаңалық