Шоу-бизнес

“Енді бізді ештеңе байланыстырмайды”: Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев мәлімдеме жасады

“Енді бізді ештеңе байланыстырмайды”: Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев мәлімдеме жасады

Белгілі актриса Дариға Бадықованың жары, актер Дархан Мұсаев көпшілікті елең еткізген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты құпиясын ашты.

«Құрметті ағайын! Көптен бері айтылып жүрген сауалға бүгін нүкте қоюды жөн көрдім. 2008 жылдың 11 тамызында Дариға Бадықовамен некелестік. 16 жыл бойы ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүрдік. Алайда 2024 жылдың күзінде ресми түрде ажырасу туралы өтініш беріп, отбасымызды тарқаттық. Қазіргі таңда Дариғамен жеке өмірде де, шығармашылықта да байланысымыз жоқ», – деді ол.


Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары: «Неге дәл қазір ажырасты екен?», «Бірнеше жылдан бері жасырып жүрген сыры осындай ма еді?», «Балалары бар ма екен?», «Сырт көзге бақытты көрінетін еді», «Қаншама жыл бірге тұрып, екі жаққа кету оңай емес қой» деген секілді пікірлер қалдырды.

Барлық жаңалық