Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің қатары биыл жаңа есімдермен толықты. Forbes Kazakhstan журналының соңғы деректеріне сәйкес, елдегі ең бай 75 кәсіпкердің жиынтық дәулеті бір жыл ішінде 11 миллиард долларға өсіп, 57,5 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткіш елдің мемлекеттік қарызынан (67,2 млрд доллар) сәл ғана аз. Миллиардтарға қол жеткізген бұл кәсіпкерлер кімдер? Олардың табыс тарихы мен жетістікке жету жолдары қандай, деп жазады Ozgeris.info.
Жаңа есім көп
Тізімнің басында бұрынғысынша Вячеслав Ким сақталды. Оның байлығы тек қаржылық емес, технологиялық сектордың көшбасшысы ретінде танылуымен ерекшеленеді. Тимур Турлов өз орнын жақсартып, бесінші орыннан екінші орынға көтерілді. Ал Тимур мен Динара Құлыбаевтар биыл төртінші орынға түссе, Болат Өтемұратов алтыншы орынға жайғасты. Бірақ биылғы рейтингтің басты ерекшелігі – жаңа есімдердің көптігі. Тізімге 9 жаңа кәсіпкер қосылды. Бұл адамдар әртүрлі салаларда табысқа жеткен: металлургиядан бастап, медицина мен ақпараттық технологияларға дейін.Металлургиядан миллиардер атанған кәсіпкер
Андрей Лаврентьев – тізімдегі ең ауқатты жаңа қатысушы. 840 миллион долларлық байлығымен ол бірден 12-орынға орналасты. Оның негізгі активі – Qarmet металлургиялық комбинаты. Бұрынғы АрселорМиттал Теміртау зауытының негізінде құрылған бұл кәсіпорын бүгінде Қазақстанның металлургия саласында көш бастап тұр. Сонымен қатар Лаврентьевтің Allur Group компаниялар тобы автокөлік өндірісі мен құрастыру саласында танымал. Бұл компания Қазақстандағы ең ірі автомобиль дистрибьюторы және өндірушісі ретінде танымал. [caption id="attachment_48312" align="alignnone" width="300"]
Құрылыс империясының негізін қалаушы
Нұрлан Артықбаев – 228 миллион долларлық байлығымен 44-орында. Ол құрылыс саласында танылған кәсіпкер. Оның Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компаниялары елдегі ірі құрылыс жобаларын жүзеге асырып келеді. Артықбаев «Қазақтелеком» ұлттық байланыс операторында 9,19% үлеске ие. Бұл оның телекоммуникация саласына да белсенді қатысатынын көрсетеді. [caption id="attachment_48313" align="alignnone" width="249"]
Темір жолмен төселген табыс
Сергей Павлингердің отбасы 227 миллион долларлық байлығымен 45-орында. Олардың негізгі табыс көзі – машина жасау мен темір жол өнеркәсібі. Railways Systems Holding және Проммашкомплект сияқты ірі зауыттар Қазақстанның темір жол инфрақұрылымын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді. Темір жол жүйелеріне арналған шешімдер мен дөңгелектер өндірісі – олардың негізгі табыс көзі. [caption id="attachment_48314" align="alignnone" width="300"]
Цифрлық дәуірдің жас көшбасшысы
Әлидар Өтемұратов, Болат Өтемұратовтың ұлы, тізімнің 59-орнында 161 миллион долларлық байлығымен. Ол цифрлық технологиялар мен телекоммуникация саласында жұмыс істейді. Оның TNS+ компаниясы – магистралдық интернет провайдерлерінің бірі. Сонымен қатар, Әлидар DAR компаниялар тобын басқарады, ол IT-жобалар, стартаптар және цифрлық шешімдермен айналысады. [caption id="attachment_48317" align="alignnone" width="300"]
FMCG нарығында етек жайған
Тұрсынғали Алагөзов – 130 миллион долларлық байлығымен 61-орында. Оның бизнесі күнделікті тұтынатын өнімдер нарығында орналасқан. Алагөзовке тиесілі GALANZ bottlers зауыты, Шымкент сыра зауыты және JFood Kazakhstan (бұрынғы «Цесна-Астық») – FMCG секторының алдыңғы қатарлы кәсіпорындары. Бұл кәсіпорындар сусындар мен азық-түлік өндірісінде көш бастап тұр. [caption id="attachment_48319" align="alignnone" width="300"]
Саудадан энергетикаға дейін
Ершат Салимов 115 миллион долларымен тізімнің 65-орнында. Оның бизнесі әртүрлі салаларды қамтиды: мұнай өнімдері, сауда және энергетика. Алматыдағы әйгілі ЦУМ сауда үйі, «Рахыжан Петролеум» мұнай компаниясы, Жамбыл ГРЭС – оның негізгі активтері.Мейрамханалар желісінің негізін қалаушы
Асқар Байтасов 110 миллион долларымен 67-орында. Ол ABR мейрамханалар желісі және ABR Tech компаниясының негізін қалаған. Оның мейрамханалары Алматының ең танымал орындарына айналған. Сонымен қатар ол цифрлық технологиялар мен стартаптармен де айналысады. [caption id="attachment_48320" align="alignnone" width="300"]
Спорттан бизнеске
Серік Конақбаев – бұрынғы спортшы, қазіргі таңда мұнай-газ саласында табысқа жеткен кәсіпкер. 93 миллион долларлық байлығымен 73-орында. SSM Oil және ARK Petroleum компанияларында үлеске ие. Бұл кәсіпорындар мұнай барлау және өндірумен айналысады. [caption id="attachment_48322" align="alignnone" width="300"]
Медицина мен қызмет көрсету саласында
Ерлан Сүлейменов – тізімді 90 миллион долларлық байлығымен аяқтайды. Оның активтері «Олимп» желісі, «Meditec» ЖШС және «Өңірлік диагностикалық орталық» ЖШС арқылы қалыптасқан. Медицина және қызмет көрсету саласында табысқа жеткен.
Ал бұрынғы көшбасшылар қайда қалды?
Тізімнен кейбір есімдер шығып қалды. Олардың қатарында Hill Corporation иесі Дулат Кожамжаров, Centras Group негізін қалаушы Елдар Әбдіразақов, Lancaster Group иелері Берік Каниев пен Юрий Пак, сонымен қатар Құлыбаевтардың серіктесі Раушан Сағдиева бар. Бұл өзгеріс олардың бизнестеріндегі жағдайды көрсетеді.