Жаңалықтар
Елімізде 1 наурыздан бастап не өзгереді?
Наурыз айынан бастап қазақстандықтардың әртүрлі саладағы өміріне әсер ететін бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Skifnews.kz ақпарат порталы Қандай өзгерістер болатынын шолу жасадық.
Қандай мереке тойлаймыз?
2025 жылдың наурызында қазақстандықтарда қосымша демалыс болады:
• 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сенбіге түсетіндіктен, демалыс 10 наурызға (дүйсенбіге) ауыстырылады.
• Наурыз мейрамы (21-25 наурыз) – 22 және 23 наурыз сенбі-жексенбіге түскендіктен, демалыстар 24 және 25 наурызға (дүйсенбі мен сейсенбіге) ауыстырылады.
Рамазан айы
2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Қадір түні – 26-27 наурыз, ал Ораза айт 30 наурызға түседі.
Оқушылардың көктемгі демалысы
1-11 сынып оқушылары 21 наурыздан 31 наурызға дейін (11 күн) демалады. Соңғы тоқсан 1 сәуірде басталып, 8 аптаға созылады.
Наурыз ҰБТ-сы өтеді
2025 жылдың 1 наурызы мен 5 сәуірі аралығында талапкерлер ҰБТ тапсыра алады. Тіркеу кезінде қатысушылар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды.
“Сергек” кетеді
2025 жылдың 13 наурызында Астанада 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Сергек” жүйесі аяқталады. Оның орнына БАӘ-нің Presight компаниясы жаңа бейнебақылау жүйесін орнатады. Жаңа жүйенің артықшылықтары:
• Камералардың көпшілігі тұрақты электрмен жабдықталады.
• Негізгі құрылғылар оптикалық-талшықты байланысқа қосылады.
Жоба аясында:
• 22 000 жалпы бақылау камерасы,
• 732 жол қиылысына орнатылған кешен,
• 470 жол бойындағы кешен,
• 15 түрлі жол ережесі бұзушылығын және 35 түрлі бейнеаналитиканы тіркейтін жүйе іске қосылады.
Жоба 2030 жылға дейін жалғасады және жасанды интеллект көмегімен көлік қозғалысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Наурызда кім баспаналы бола алады?
"Отбасы банк" АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова 5 наурыздан бастап банк порталында "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталатынын айтты. Оның айтуынша, оған барлық қазақстандықтар, соның ішінде халықтың осал топтарының өкілдері, жас отбасылар, жұмыс істейтін жастар, тұрғын үй төлемдеріне ие банк салымшылары, сондай-ақ қалалар мен ауылдық елді мекендердің еңбекке қабілетті халқы да қатыса алады. Оның үстіне соңғы 6 жылдағы депозит мөлшері туралы ақпарат маңызды емес, бірақ бағдарламаға қатысушылардың ресми табысы болуы тиіс.
17 наурызда "Наурыз" бағдарламасының тағы бір бөлігі болып табылатын "Наурыз Жұмыскер" бағдарламасы да іске қосылады. Барлығы екі бағдарлама қарастырылған: "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер". Олардың айырмашылықтарына тоқтала кетсек, мәселен "Наурыз" бағдарламасы жас отбасыларға көбірек бағытталған, ол арада барлық өтінімдер арнайы otbasybank.kz порталында қабылданады, іріктеу үлкен конкурстық жағдайда өтеді. Өтінімдерді қабылдау 31 наурызға дейін жалғасады. Іріктеу кезінде негізгі критерийлер соңғы 5 жыл ішінде басында баспанасының болмауы және жинақтарының болуы шарт: соңғы екі жыл ішінде қаражат жинаған жас отбасылар артықшылыққа ие болады, - деді ол.
Смартфондар үш түсті тізімге енгізіледі
2025 жылдың 24 наурызынан бастап Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеудің жаңа ережелері күшіне енеді. Барлық смартфондар үш санатқа бөлінеді:
• “Ақ тізім” – сәтті верификациядан өткен, еш шектеусіз тіркелген құрылғылар.
• “Сұр тізім” – уақытша рұқсат етілген смартфондар. Олардың иелеріне құрылғыны 30 күн ішінде тексерістен өткізіп, “ақ тізімге” ауыстыруға мүмкіндік беріледі.
• “Қара тізім” – GSMA базасында тіркелмеген немесе ұрланған және бұғатталған деп көрсетілген құрылғылар, сондай-ақ жалған немесе сипаттамасы өндірушінің ресми деректерімен сәйкес келмейтін телефондар.
Депозиттер бойынша өзгеріс болады
2025 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБ) теңгедегі салымдар бойынша ең жоғарғы мөлшерлемелерді белгілеуді тоқтатады. Енді банктер салымшыларға қандай пайыздық мөлшерлеме ұсынатынын нарықтық жағдайларға қарай өздері шешеді. Бірақ шетел валютасындағы депозиттерге шектеулер сақталады.
Бұл өзгеріс әсіресе ұзақ мерзімді (12 айдан астам) салымдарға сұранысты арттырып, бөлшек депозит нарығының дамуына серпін береді деп күтіліп отыр.
Есірткі тасымалдаушыларды жазалау жеңілдейді
2025 жылдың 3 наурызынан бастап Қазақстанда есірткі қылмысымен күреске бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Бұған дейін барлық есірткі сатушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша бірдей жазаланатын. Енді есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі тасымалдаушылар арасындағы жауапкершілік бөлінеді.
• Аз мөлшерде есірткі сатқаны үшін – 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын 5-10 жыл еді).
• Ірі көлемде сатқаны үшін – 6 жылдан 10 жылға дейін (бұрын 6-12 жыл болатын).
• Өте ірі көлемде сатқаны үшін – 7 жылдан 12 жылға дейін (бұрын 10-15 жыл еді).
Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаны айыппұлмен ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. Алайда әрбір жағдай сотта жеке қаралатын болады.
Ал есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға арналған 297-1-бап енгізіліп, олардың жазасы қатаңдатылды:
• 1-бөлім – 5 жылдан 10 жылға дейін.
• 2-бөлім – 6 жылдан 12 жылға дейін.
• 3-бөлім – 10 жылдан 15 жылға дейін.
• 4-бөлім – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру.
Алғаш рет есірткі өндіруге қолданылатын күшті заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Электронды вакцинация паспорты енгізіледі
2025 жылдың 2 наурызынан бастап қағаз түріндегі екпе карталарының орнына электронды вакцинация паспорты енгізіледі. Жаңа жүйеде барлық вакцинация деректері электронды түрде сақталады және мерзім бойынша шектеусіз қолжетімді болады (бұрын 5 жыл сақталатын).
Паспортқа енгізілетін вакциналар:
• туберкулез (туберкулин сынамалары қосылған);
• А және В гепатиті;
• дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, В типті гемофильді инфекция;
• пневмококк инфекциясы;
• қызылша, қызамық, паротит;
• адам папилломасы вирусы;
• коронавирус инфекциясы және басқалары.
Қазақстан азаматтығынан шығу құжаттарын пошта арқылы қабылдау тоқтатылады
2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің консулдық бөлімі азаматтықтан бас тартуға арналған құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтатады. Бұл шара пандемия кезінде уақытша енгізілген болатын. Енді азаматтар тек жеке келіп өтініш бере алады.
Теміржол билеттері қымбаттайды
“Жолаушылар тасымалы” АҚ мәліметінше, 2025 жылдың 1 наурызынан бастап теміржол билеттерінің бағасы 7%-ға қымбаттайды. Бұл өзгеріс өңіраралық және кейбір қала маңындағы маршруттарға әсер етеді.
-
Қайрат Боранбаевтың інісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
17:21, 21 маусым 2025
-
Балқаш көлінде төрт жасар қызды толқын 200 метрге алып кетті
15:05, 21 маусым 2025
-
Қазақстандық креатившілер салық кодексіндегі өзгерістерге қарсы шығып, билікке жүгінді
13:55, 21 маусым 2025
-
Kaspi-дегі ең қымбат кітаптар қандай?
17:24, 20 маусым 2025
-
Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды
17:05, 20 маусым 2025
-
1 шілдеден бастап Қазақстанда не қымбаттайды?
16:06, 20 маусым 2025
-
"Әке, біз сізді мақтан тұтамыз": Айсәуле Бақытбек қаралы хабар айтты
15:38, 20 маусым 2025
-
Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті
14:43, 20 маусым 2025
-
-
Шетелдік спортшыларға енді ақша жоқ
12:01, 20 маусым 2025
-
Балқаш көлінде төрт жасар қызды толқын 200 метрге алып кетті
15:05, 21 маусым 2025
-
Қазақстандық креатившілер салық кодексіндегі өзгерістерге қарсы шығып, билікке жүгінді
13:55, 21 маусым 2025
-
Қайрат Боранбаевтың інісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
17:21, 21 маусым 2025
-
«Қатын ұратынын біле ме»: Бұрынғы әйелін сабаған әнші Ғабит екінші рет үйленбек (ВИДЕО)
09:49, 16 маусым 2025
-
"32 мыңға 8 рет виски алдырды": Төрғали Төреәлінің әрекеті желіде талқыға түсті
14:46, 16 маусым 2025
-
«Маған өлердей ғашықсыз»: Мақпал Жүнісова Ермахан Ибрайымды ыңғайсыз жағдайға қалдырды
07:21, 16 маусым 2025
-
-
-
-
"Әке, біз сізді мақтан тұтамыз": Айсәуле Бақытбек қаралы хабар айтты
15:38, 20 маусым 2025
-
"Өксік тығылды": Жұлдыз Әбдікәрімова мектеп бітіру кешіне Қайраттың келмегенін айтты
11:22, 16 маусым 2025
-
Астанада 10G интернет іске қосылады
14:17, 16 маусым 2025
-
"Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр". Мөлдір Мұқанова оқырмандарына жауап берді
10:11, 19 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025