Қоғам

«Эгоист болмайық!»: Мөлдір Әуелбекова жұртқа ақыл айтты

«Эгоист болмайық!»: Мөлдір Әуелбекова жұртқа ақыл айтты

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында жол бойында баяу жүретін көлік жүргізушілеріне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Құрметті жүргізушілер! Сол жақ жолаққа шығып алып 40/50 жылдамдықпен жүруді қойыңыздаршы! Ол үшін оң жолақ бар! Сіз жайбарақат, жайылып жүргенде, ел асығыс: жұмысқа, ауруханаға, әуежайға кешігіп жатуы мүмкін! Оң жаққа шық та, керек десең 20-мен жүр! Бірақ сол жолақты босатшы, өтініш! Эгоист болмайық! Жол бәріне ортақ!», - деп жазды ашынған әнші әлеуметтік желіде.

Барлық жаңалық