🌐 Әлем

Дүниежүзінде жаңа мемлекет пайда болмақ

Дүниежүзінде жаңа мемлекет пайда болмақ

Парижде Жаңа Каледонияға автономия беру туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.

Жаңа келісім бойынша, Жаңа Каледония жартылай тәуелсіз мемлекет болады. Тұрғындары Франция мен Жаңа Каледония азаматтығын қатар алады. Сондай-ақ жаңа мемлекетке өз бетінше халықаралық саясат жүргізу құқығы беріледі.

Келіссөздер он күнге созылған. Арал халқының бір бөлігі толық тәуелсіздікті қаласа, екінші бөлігі Франция құрамында қалуды жақтаған. Нәтижесінде автономия статусына тоқтаған. Құжатты енді Франция парламенті мен Жаңа Каледониядағы референдум бекітеді.

Жаңа Каледония Тынық мұхитындағы архипелаг. Франция бұл аумақты 19 ғасырдан бері иеленіп келеді. Бұған дейін үш мәрте тәуелсіздік туралы референдум өткен, бірақ барлығында да арал халқы Франция құрамында қалуды қолдаған.

2024 жылдың мамырында сайлау заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты аралда жаппай наразылықтар басталып, бірнеше адам қаза тапқан. Осы оқиғалардан кейін тәуелсіздік мәселесі қайта күн тәртібіне шықты.

Барлық жаңалық