Оның айтуынша, адам өмірін сақтау үшін арпалысатын ақхалатты жандарды арнайы қызмет көрсетуші өкіл ретінде заңмен қорғау керек. «Бұл бір ғана оқиға емес. Алматыда автобус жүргізушісін соққыға жығудың қандай қайғылы жағдайға әкелгеніне бәріміз куә болдық. Бұл жария болғандары ғана. Жабулы қазан жабулы күйінде қалғандары қаншама. Сондықтан мұндай жағдайға мүлдем жол беруге болмайды. Бүгін Дәкебаев, ертең кім болады сонда?! Бұл жағдай нені көрсетіп отыр? Ең алдымен, тиісті органдардың өз жұмысына салғырт қарап, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастырмағанын көрсетеді. Екіншіден, көпшілік қарапайым ғана құқықтық қағидаларды білмейтінін байқатады. Олар өз құқығын былай қойғанда, заң алдындағы міндеттері мен жауапкершілігінен де хабарсыз. Заң мен тәртіп бәріне бірдей қағидатын ұстану – әрбіріміздің міндетіміз. Үшіншіден, ұлттық құндылықтардан ада, қазақи әдеп пен ар-ұятты ұмытқан, адамшылыққа жат ойлармен санасы уланған азаматтар қалыптасып келеді. Салдарын көріп отырмыз. Бұл жағдай ешқандай жақсылыққа апармайды», - деді депутат. Бұл тұрғыда ол уәкілетті органдарға келесі шараларды қолға алуды ұсынды: 1. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған Дәкебаевты тез арада табуы тиіс. 2. Нұрболат Дәкебаевтың сотын ашық жүргізіп, қатаң жаза беру және оның барысы мен қорытындысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты түгел хабардар ету. 3. Кейінгі уақыттары адамның жеке басына қауіп төндіретін, тіпті оның өмірін қиятын қылмыстар қоғамдық сипат алып жатыр. Сондықтан, тез арада кез келген қылмыстарға қоғамды мүлдем төзбеушілік мәдениетін жаппай қалыптастыруымыз қажет. Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі«Өкінішке қарай, соңғы кезде заңды белден басып, ойына келгенін істейтін бетімен кеткендер көбейді. Күні кеше Қарағандыда болған оқиға – соның айқын дәлелі. Айдың күннің аманында өз қызметін адал атқарып жүрген жедел жәрдем жүргізушісін қанжоса етіп соққыға жығу – барып тұрған бассыздық. Құқық бұзған Нұрболат Дәкебаевтың бұл әрекеті – жәй ғана қылмыс емес, бүкіл қоғамға, заң мен тәртіпке ашық қарсылық, не істей аласың деген дөң айбат. Өзін бейнетаспаға түсіріп жатқанын біліп тұрса да, ешқандай айылын жимай жұдырық сілтеп, қызметтегі адамды қанға бөктіруі – әбден шектен шыққандық, нағыз қаныпезерлік. 1 жасар сәбиге көмекке келген медицина қызметкерлерін, ашықтан-ашық, куәгерлердің көзінше ұрып-соғу не деген сұмдық? Осындай оқиғалар елімізде жетерлік. Осы күнге дейін Депутаттық корпус бірнеше рет медицина жүйесінің қызметкерлерін қорғау үшін арнайы статус бекітуді ұсынса да, Үкімет әлі күнге дейін шешім қабылдамады», - деді Е. Бейсенбаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.
Жаңалықтар
Депутат жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіні тез арада табуды талап етті
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіні қатаң жазаға тартуды сұрады.
-
Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы жаңа заң қабылдады12:53, 12 қараша 2025
-
Цифрлық трансформация қала тынысын ашады12:48, 12 қараша 2025
-
"Күрделі ота жасады": Дина Төлепберген басынан өткен ауыр сынағымен бөлісті (ВИДЕО)12:37, 12 қараша 2025
-
Қаржы ашықтығы қайдан басталады?11:09, 12 қараша 2025
-
Хромтау әкімі пара алғаны үшін қамауға алынды11:09, 12 қараша 2025
-
Цифрлы жүйе Алматы егіншілігіне серпін бермек10:58, 12 қараша 2025
-
«Аллаға шүкір, сүйінші!»: Танымал блогер Елдос Колобок 9 жылдан кейін әке атанды10:12, 12 қараша 2025
-
"Ет те, қазы да біртүрлі": Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шықты (ВИДЕО)09:00, 12 қараша 2025
-
Мөлдір Әуебекованың анасы әнші қызына үшінші рет тұрмысқа шығуға кеңес берді05:49, 12 қараша 2025
-
Ақтөбе облысында әкім қамауға алынды03:44, 12 қараша 2025
-
"14 жыл біргеміз!": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елге үн қатты (ВИДЕО)15:10, 11 қараша 2025
-
-
"Бір көріп ғашық болдым": Медеу Арынбаев жеке өміріндегі сырымен бөлісті (ВИДЕО)16:34, 11 қараша 2025
-
"Ет те, қазы да біртүрлі": Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шықты (ВИДЕО)09:00, 12 қараша 2025
-
"Пара алып, қашпақ болған": Түркістанда полицей 7 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)16:12, 11 қараша 2025
-
Кредитті 5 жылға шегеруге бола ма?16:26, 11 қараша 2025
-
Атырауда екі жасар бала терезеден құлап мерт болды17:15, 11 қараша 2025
-
«Жоғары мәртебелі Тоқаев мырза!»: Мәскеу Қазақстан президентін қалай қарсы алды18:50, 11 қараша 2025
-
Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады14:50, 11 қараша 2025
-
Ақтөбе облысында әкім қамауға алынды03:44, 12 қараша 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
-
"Қатты мұқтажбыз": Тұрсынбектің балалары солқылдап жылап қалды (ВИДЕО)17:16, 10 қараша 2025
-
"Қазір әкемнен алыстадым": Тұрсынбек Қабатовтың кіші қызы оқырмандарына жауап берді09:56, 05 қараша 2025
-
"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатты": Динара Сәтжан танымал журналистің сынына қалды16:44, 06 қараша 2025
-
"Көмектесетін адамым жоқ": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні ренішін айтты09:00, 06 қараша 2025
-
"Дәстүрді білмей ме": Асанәлі Әшімов немересін күйеуіне өзі табыстады (ВИДЕО)15:01, 10 қараша 2025
-
"Жақсы күйеу бола алмады": Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады12:36, 06 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-